Даму деңгейінің жалпы мінездемесі.

Тақырып №1Психология және адам дамуы пәні,мақсаттары мен міндеттері

Даму дегеніміз – адамның уақыт өте дене құрылысының, ойлауының және тәртібінің организмнің биологиялық процестерінің қоршаған орта ықпалы қортындысында пайда болатын өзгерістер.

Даму аймақтары.

Даму 3 түрлі аймақта жүреді: физикалық, когнитивтік және психосоциалдық.

Физикалық аймақтарға мынадай физикалық мінездемелер кіреді:

Дене мен ішкі құрылыстардың формасы мен өлшемдері, ми құрылысының өзгерісі, сенсорлық мүмкіндіктер.

Когнитивтік аймақ блқ ақыл – ой қабілеттіліктерін және пихикалық процестерді, сонымен қатар нқтақыл – ой ұйымын қосады.

Бұған мынадай аймақтар жатады: қабылдау, ойлау, тапсырмаларды шешу, сөз, қиял.

Психосоциалдық аймаққа жеке адам қасиеті мен әлеуметтік білімдер жатады: Жеке адамға тән индивидуалдық және эмоционалдық стиль ерекшеліктері. Адамдардың әлеуметтік шындыққа көңіл бөлу ерекшеліктері.

Адамның бұл үш аймақта дамуы бір уақытта және өзара байланысты жүріп отырады.

Тәжірибе жүзінде оны баланың алғашқы өмір кезеңдерінен байқауымызға болады.

Даму деңгейінің жалпы мінездемесі.

ФизикалықАдамнаң денесінің, бойының өзгеруі. Бұнда сыртқы өзгерістер: бой, салмақ және ішкі өзгерістер: сүйек өзгерістері, бұлшық ет, ми және сізім органдары. Бұл аймаққа тағы кіретіндер: денсаулық және қозғалыс түрлері. (жүру, еңбектеу, жазу білімдері).

КогнитивтікОйлауға және проблемаларды шешуге қатысы бар психологиялық процестерді қосады. Қабылдауда, есте сақтауда, творчестволық қиял және сөздік қорда болатын өзгерістерді ала жүреді.

ПсихосоциалдықТұлғааралық қарым – қатынас және жеке адам дамуын қамтиды. Бұл екі сферасы өзара байланысты. Бірі даму жағынан «Мен» концепцияны қамтыса, екіншіден әлеуметтік білімдердің құрылуын және тәртіп модельдерін қарастырады.

Даму психологиясындағы жалпы психологиялық мәселелерді шешудегі эксперименталды зерттеудің мәндерін,жас ерекшелік психологиясындағы теория мен практиканың байланысын ашу. Жас ерекшелігінің дамуының фундаментальды және қолданбалы зерттеулерімен студенттерді таныстыру.

Жас ерекшелік психологиясының қолданбалы мәнділігін және денсаулық сақтауда, оқыту мен тәрбиеде, диагностика мен коррекцияда практикалық сұрақтарды шешу мүмкіндіктерін көрсету.

Жас ерекшелік психологиясы ғылымның бір саласы зерттеу обьектісі адамның жас ерекшелігі. Жас ерекшелік психолгиясының бөлімдері

1 Балалар психологиясы (0-7 жас)

2 Бастауыш сынып оқушыларының психологиясы(7-11)

3 Жеткіншек (11-16)

4 Жас өспірім (16-20)

5 Ересектер психология (25-60)

6 Қарттар психологиясы (65 - өлгенге дейін)

Жас ерекшелік психологиясы адамның дүниеге келгеннен бастап өлгенге дейінгі дамуын зерттейді. Бұл саланың негізгі бөлшегі балалар психологиясы, жеткіншектер мен жас өспірімділердің есею процесін зерттейді. Жас ерекшелік психологиясының қарастыратыны балалар, үлкендер мен студенттер және қарттар(геронтология). Жас ерекшелік психологиясы басқа ғылымдармен тығыз байланысты. Мысалы: педагогика, физиология, анатомия және т.б. Жас ерекшелік психологиясы баланың ақылының кіріп қалай есейгені, ал анатомия дене құрылысының әр жасқа қарай дамуын зерттейді. Жас ерекшелік психологиясы ғылыми түрде дамымай тұрған кезінде адамдар баланы оқытып, оқытпағанның өзінде тиісті шаруашылық салаларына , мысалы: мал бағу, егін салу, баубақша жұмыстарына үйретті. Осы кезде туған туысқандары жас мөлшерлерімен санасып кім жасына қарай қаншалықты ақылды немесе ақылсыз екенің біліп оқыған, бірақ бұл мәселелерді ғылым деп санамаған. 19 ғасырдың ортасында жас ерекшелік жалпы психологиядан бөлініп шығуына Ч. Дарвиннің зор ықпал етті . Бұл пәннің ғылым болып шығуына біріншіден әсер еткен балаға туғандардың, ата- ананың күрделі жазылуы және оны талдауы. Екіншіден эксперемент тәсілін кенінен қолдану. Дарвин өз заманында жануарлардың өз мінез- құлқын зерттеу мен ғана қоймай өзіне деген қажетті мағлұматтарды балаларды зерттеу арқылы жұмыс жасаған. 20 ғасырдың басында психологтар арасында өз балаларына күнделік жазу қолға алынды. Мысалы: немістін атақты психологы Тистерн әйелімен бірлесе отырып ұзақ жылдар бойы баласының психикалық дамуының жөнінде күнделік жазды, соның нәтижесінде көптеген енбектер жарыққа шығарды. Кеңес психологы А.Н. Гвоздив сегіз жылдай өз ұлының сөйлеу қабілетін зерттей отырып «орыс тілінің грамматикасының балада қалыптасуы» деп кітап жазды. 20 ғасырдың басында АҚШ психологы Келлоктар өз балаларымен қатар маймылдың баласын бірге тәрбиелеп өсіреді. Кеңес психологы Ладыжина маймылдың баласы өз балаларымен бірге төрт жылдай бағып соның негізінде адамның және маймылдың балалары деген еңбек жазды.Жас ерекшелік психологиясының дамуына эксперементалды психология көп әсерін тигізді. Оған үлес қосқан психологтар Штерн (1871-1933) Пияже (1896-1980) 1928 жылдың АҚШ Колифорния университетінде психологиялық лабораториялық генетикалық әдісттерқолданды. Бұл жағдайда 248 баланы зерттеген кейін 18 жасқа толғанда зерттеп отыр.


8391348051621516.html
8391457940246818.html
    PR.RU™